pdf ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРМЕН ШЕШІЛЕТІН АЛГЕБРАЛЫҚ ЕСЕПТЕР Популярные

Владелец Число скачиваний: 343

Саулеш Меңліқожаева

Аружан Абсамиева

Алмат Раманқұлов

Қазақстан Қызылорда қаласы

Алгебра курсындағы есептерді шешудің геометриялық әдістері (методтары) дегенде, шешу нақты сызбалар арқылы орындалатын және есеп жауабы тікелей сызбадан алынатын конструктивтік методты түсіндіреді. Біз бұл методты: геометриялық елестетулер және геометрия заңдары мен аналитикалық метод элементтерін (теңдеулер, теңдеулер жүйесі, арифметикалық өрнектер және т.б.) қолдануға тірелетін шешу методы деп кеңірек түсінеміз. Осыдан, геометриялық кескіндеулер геометриялық білімдер мен геометриялық интуициялар негізінде жасалса, ал алгебралық есептер шарттарын геометриялық кескіндеу оның геометриялық моделі екендігін аламыз.