pdf СҮТ БЕЗІ АУРУЛАРЫН ЕМДЕУГЕ АРНАЛҒАН ФИТОЭКСТРАКТТАР НЕГІЗІНДЕГІ ГЕЛЬДІҢ ТИІМДІ ҚҰРАМЫН ТАҢДАУ Популярные

Владелец Число скачиваний: 322

Устенова Г.О., Есенкулова С.А., Спатаева Л.Р.

г. Алматы, Республика Казахстан

Алғаш рет сүт безінің кистозды аурулары туралы 1829 жылы ағылшын хирургы Купер сипаттаған. 1838ж. Велпиан жазбаларында мастопатия термині «созылмалы индурация» ретінде қолданылған. 1840 жылы Броди бұл ауруды «сүт безінің кесілген –сарысулы ісік», ал 1892ж. Шиммельбуш «кистозды аденома» деп атауды ұсынды. Біріңғай көпшілік мақұлдаған гиперпластикалық үрдістердің терминологиясы осы кунге дейін анықталмаған. Скандинавиялық және ағылшын әдебиеттерінде мастопатия фиброаденоматоз немесе кистасы бар фиброаденоматоз дегенді білдіреді. Ал Ресей мен Қазақстан әдебиеттерінде көп жағдайда «мастопатия», «фиброзды-кистозды мастопатия», «фиброаденоматоз», «сүт безінің дисгормональді гиперплазиясы» және «сүт безінің дисгормональды аурулары» деген терминдер қолданылады.