Карипбаев Жасұлан Болатбекович, Жученко Ирина Анатольевна Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
(Қарағанды, Қазақстан)
Аннотация. Бейнелеу өнеріндегі көркем образ мінез-құлықты қалыптастырады, яғни адамға тұтастай ықпал етеді. Бірінші кезекте қоғамдық қарым-қатынастарға, адамның қоғамдағы өміріне зейін қоя отырып, көркем бейне қоғам мүшесі ретіндегі адамға тән ойлар мен сезімдерді тербиелеуге, қоғам алдындағы парызын түсінуге ықпал етеді. Бейнелеу өнерінің жан-жақтылығы – көп мағыналы ұғым; яғни жеке шығармашылықтың ұжымдық шығармашылыққа қатынасы; шығармашылық алмасу мен кәсіби өнердің халықтық шығармашылықтағы көркем, образ, шығармашылықты мұра ету деңгейі. Көркем шығармадағы халық бейнесі мен оның дүниеге көзқарасының өнердегі көрінісінің тереңдігі мен сәйкестігінің (адекватность) өлшемі. Өнердің қалың бұқараға эстетикалық жөне әлеуметтік тұрғыдан түсініктілігінің өлшемі.
Кілт сөздері: көркем образ, мінез-құлықты, шығармашылық, мұра, халық бейнесі, зейін, парыз, көркемдік ақиқат, ұлттық бейнелеу өнерінің.