Владелец Алина Число скачиваний: 375
Усукеева Айбану Джекшембековн
а Алматинский Технологический Университет
г. Алматы, Казахстан
Халал стандарты бойынша, доңыз (шошқа), қашырдың еті, ұрып немесе электр тогымен соқтырып өлтірілген, арам өлген, бойындағы қаны тұтастай ағып сарқылмаған, жарақаттан қан ұйыған мал еті, жыртқыш құстар мен жыртқыш аңдардың еті, халалға жатпайтын азықтармен азықтандырылған құс еті мен жұмыртқасы, бір сөзбен айтқанда, ислам діні жеуге тыйым салғандарды азыққа пайдалану харам болып есептеледі. Бүгінде адам мінезінің өзгеруіне астың елеулі ықпал ететіндігі жөнінде көп айтылуда. Атам қазақ «Ас–адамның арқауы» деп бекер айтпаған ғой. Дәйектерге сүйенсек, халал стандартын әлемде ислам дінін ұстанатын 148 елде өмір сүріп жатқан бір жарым миллиардтан астам халық тұтынады екен. Оның үстіне халал өнімдерді өндіруде, тұтынуда Еуропа мен өзге де мұсылман емес елдерінің алда келе жатқаны да шындық [1, б. 265]. Азық-түліктен бастап, дәрі-дәрмек және косметикалық майларға дейін шарпитын халал стандарты халқының басым бөлігі мұсылман дінін ұстанатын елімізде үлкен сұранысқа ие болатындығы сөзсіз. Еліміз 2005 жылы әлем тәжірибелерін ескере отырып, халал стандарты ережелерін жасақтап, бекітті. Десе де, қазақ халқының өмір философиясы, әсіресе, тағам мәдениеті, соның ішінде төрт түлік мал өнімдерін пайдаланудағы ұшан-теңіз тәжірибесі халықаралық халал стандартымен жарасым тауып жатқаны шындық [2, б. 116]. Арыға бармай-ақ, күнделікті тұтынатын ет өнімдерін алайықшы, өрісінен төрт түлік малы, дастарханынан ағы арылмаған қазақ халқының малды сойып, оның етін азыққа дайындауда адамгершілікке, тазалыққа аса жоғары мән бергені белгілі. Қазақша мал союдың бүгінгі халал стандартына томпақ келетін тұсы жоқ [3, б. 449].