Владелец Алина Число скачиваний: 401
Сайдоллаева Айдана, Тұрғынбай Әлібек
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университетінің 1 курс студенті, Астана
Ғылыми жетекші: Дарима Жеңісханқызы
Қазақстандағы туризмнің басты мақсаты - заманауи жоғары деңгейдегі бәсекеге сай туристік индустрия, экономика саласының дамуына әлемдік туризм жүйесіне ену және болашақтағы туризм саласында халықаралық ынтымақтастықта бола отырып, өз өнімдерін шетелдік туристерді тарту. Қазақстан салыстырмалы түрде жас және дамушы мемлкет, Кеңес Одағы тұсында туризм саласына мүлдем көңіл бөлінбей, тек қана шикізт көзі ретінде қарастырлып келді. Дегенмен тәуелсіздік алғалы аз да болса, туризм саласын дамыту үшін бірнеше бағдарламалар жасалды, арнайы органдар құрылды, талай халықаралық көрмеде өз өнімдерін ұсынды, елімізде турагенттіктер мен туроператорлар өзара еркін бәсекелестік жағдайында қызмет етіп, олардың сандары жылдан-жылға артып келеді, сондай-ақ еліміздің басты қалаларында 3-4 жұлдызды қонақ үйлермен қатар, халықаралық қонақ үй желілері де ашылып жатыр.