pdf САРАЙШЫҚ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ Популярные

Владелец Число скачиваний: 319

Султангубиева Ш.Н., Еділ Г.А.

Ғылыми жетекшісі: Гиззатжанова А.Г.

Бүкіл әлемде өте маңызды тарихи мәні бар, әсемдігімен ерекшеленетін ескерткіштер, құрылысы мен тарихымен ерекшеленетін көне қалалар аз емес. Олар әр мемлекеттің өзіндік тарихын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ дәстүрін, өмір салтын, мәдениетін ұрпақтарына жеткізеді. Ол ескерткіштер жылдар өте келе табиғат құбылыстарының әсерінен, адам әрекеттерінен құндылығын жоғалтып бара жатыр. Оларды сақтаумен әр мемлекеттің мәдени мұраларды қорғау ұйымдары мен UNESCO-ның Бүкіләлемдік мұра бағдарламасы айналысады. Жыл сайын қарқынды дамып келе жатқан туризм саласына осы аталып отырған ескерткіштер мен көне қалалардың тигізер әсері мол.