pdf ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АГРОТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 345

Амангельдыева Е. Н., Сағынбекова Ә. М.

Астана, Казахстан

Агротуризм – фермерлік шаруашылық аясында ұйымдастырылған экологиялық туризм түрі ретінде танылатын демалыс. Агротуризмнің басты ерекшелігі – өзінің ауылдық аймақтағы жеке меншік баспанасы негізінде туристерді қабылдаушы отбасының орнасластыру, тамақтандыру, ойын-сауық сынды қызметтерді кешенді түрде өзі ұйымдастырып, тұтынушыға ұсынуы. Алғашқыда туризмнің бұл түрі XIX ғасырдың басында пайда болды, бірақ тек қана ХХ ғасырдың екінші жартысында белсенді дами бастады. Солай, 1955 жылы Францияда "Agricolture et Turisme" атты ассоциация құрылды, ал 1965 жылы Ұлттық Ауыл Шаруашылық және Туризм Ассоциациясы өз жұмысын бастады ("Agriturist").