Владелец Алина Число скачиваний: 364
Сатиманова Гульрайхан Халбаева
Аида Хужамбердиева Айдина
Астана, Казахстан
Инновациялық даму – Қазақстанды қазіргі дағдарыстың дауылынан мейлінше аз шығынмен алып шығатын жол. Еліміз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана дағдарыстың зардаптарынан тезірек құтылады. Сондықтанда, еліміздің экономикасына әлі де болса шетелдік инвестициялар, технологиялар мен инновацияларды кеңінен тарту қажет. Инвесторлар үшін жұмысқа қолайлы жағдайлар жасап, дамыған 50 елдің қатарына кірудің осы маңызды тетігі арқылы экономиканың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын зерттеу қажет. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру мен Дүниежүзілік сауда ұйымына кірумен байланысты [1].