Архив
26-27 января, 2016
Филологические науки
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
Владелец Алина Число скачиваний: 356
Картаева А.М., Мұхаметқазина А.Д.
г. Усть-Каменогорск, Казахстан
М.Әуезов мұрасы – ұлтымыздың рухани байлығы, халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын сарқылмайтын қазынасы. Мұхтар Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеу, Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа қырынан, барлық салада, әр жүйеде көрініс таба бастады. Қазақ әдебиеттану ғылымының, әдебиет тарихының дербес саласы болып қалыптасқан Әуезовтану – бұл күндері жан-жақты дамыған, өсіп жетілген іргелі саласының біріне айналды.