pdf ӘЛІБЕК АСҚАРОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ «АЛТАЙ» СУРЕТТЕМЕСІ Популярные

Владелец Число скачиваний: 270

Картаева А.М., Молдашева Ш.Ж.

Өскемен қ., Қазақстан

Қазыналы қазақ әдебиетінің әр кезеңінде өзіндік жазу стилімен, бояу қанықтығымен көзге түсіп жүрген жазушылар аз емес. Қазіргі кезең әдебиеті алыбының бірі - Әлібек Асқаров. Көрнекті қаламгер, сырбаз да сыршыл жазушы, белгілі қоғам қайраткері Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әлібек Асқаровтың шығармашылығы – қазіргі қазақ әдебиетінің қымбат қазынасы, ұлттық сөз өнеріндегі үздік үлгілердің бірі. Қаламгер шығармалары әдебиет әлемінде көзге түсіп, жоғарғы бағаға ие болып жүр. Сөзбен сурет салатын суреткер жазушының туындыларындағы табиғат көріністері, соның ішінде қаламын көсілте жазған «Өр Алтайдың» бейнесі ерекше.