pdf ҚАЗАҚ ТІЛІ АЯСЫНДА «ЕРКЕК» КОНЦЕПТІСІНІҢ СИПАТТАЛУЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 261

Салимова Нургуль

г.Атырау, Казахстан

Қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен ерлігімен, еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз табандылығымен және намысқойлығымен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен сіңіре білген ер азаматтар аз емес. Қазіргі таңдағы қазақ елінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай ер азаматтардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі ер адамның шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес ерлердің табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған ер-азамат концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы " ер-азамат "концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау мәселенің өзектілігін айқындайды.