pdf ҚАЗАҚСТАН ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯДАҒЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 347

Жеңісхан Д.Ж., Наметова П.

г.Астана, Республика Казахстан

Қонақ үй шаруашылығы туризм саласының негізгі әрі құрамдас бөлігі ретінде қазіргі заманғы шарттарға сәйкес әлемдік экономиканың динамикалық дамушы секторы, әрі ақшаның құйылуының тиімді көзі болып табылады. Сонымен қатар, қонақ үй индустриясы өзін аймақтағы шаруашылық жүйесінің қуаттылығы ретінде немесе туристік орталықтың және туризм экономикасының маңызды ұйымдастырушысы ретінде көрсетеді. Туризм және қонақжайлылық индустриясы бұл әлемнің көптеген елдерінде қарқынды даму саласына айналған халық шаруашылығының кешені. Әлемнің көптеген елдері сынды Қазақстанда да соңғы бес жыл көлемінде қонақ үй шаруашылығы қарқынды дамып келеді [1]. Оған мысал, Оңтүстік астана қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. 2015 жылдың қаңтар-наурыз аралығындағы көрсеткіш бойынша 2 103 қонақ үй тіркелген. Онда 51 743 бөлме мен 115 906 төсек-орын есептелді. Бөлмелер саны былтырғы жылмен салыстырғанда, 19,1% -ға өскен. Олардың негізгі бөлігі келесідей қалаларға жіктелген: Алматы (13%), Астана (12,9%), Шығыс-Қазақстан (12,8%), Атырау (8,9%), Қарағанды (8,9%) және Акмола (8,8%) облыстары [2]. Ол дегеніміз, елді айтарлықтай дәрежеде жұмыспен қамту болып табылады.