Владелец Алина Число скачиваний: 358
Байманова Гаухар Аманкелдиевна
Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы
Физикалық электроника деп аталатын физиканың фундаментальды бөлімі көптеген сан алуан заттармен айналысады, соның ішінде қатты дененің беттік қабаттарының қасиеттерін зерттеуде маңызды орын алады. Бет топографиясы, оның элементтік және химиялық құрамы, электрондық құрылымы, эмиссиондық қабілеті және химиялық белсенділігі, жұқа қабықшалардың пайда болу кинетикасы – мұның барлығы әр түрлі физикалық принциптерге негізделген арнайы диагностика әдістерін қажет етеді. Қазір белгілі болғандай, бұл құбылыстар мен процестер туралы аса қаныққанды және нақты ақпараттар қоздырылған заттармен вакуумға жіберілетін электрондық ағындардың энергетикалық спектрлерінде болады.