pdf МЕКТЕП БАҒДАРЛАМСЫНДАҒЫ ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА НАНОТЕХНОЛОГИЯМЕН ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНУ Популярные

Владелец Число скачиваний: 338

2-курс магистранты Батырхан Жазира х.ғ.к доцент Сатаева Г.Е.

( Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан)

Жаратылыстану, физика ғылымдарының негізгі мақсаты – табиғатта нақты түрде болатын және табиғат дамуының жалпылама заңы болып табылатын өзара байланыстарды танып білу. Бұл заң ғылымдардың өзара үйлесуін, олардың өзара әсерлесуін меңзейді. Табиғат жайлы ғылымдардың әрқайсысы осы байланыстардың қандай да бір бөлігін өзінше бейнелейді, ал ғылымдар бір циклге біріккен кезде диалектикалық байланыстарды біртұтас етіп бейнелейді. Осы жаратылыстану цикліндегі пәндер пәнаралық байланыстар арқылы үйлестірілген жағдайда табиғатты нақты байланыстар неғұрлым анық, жан-жақты көрініс тауып, оқушыларды, студенттерді табиғат диалектикасын танып білумен қамтамасыз етеді.