pdf ЭНЕРГОАНАЛИЗАТОРЛАР. ЭМИССИЯ ФУНКЦИЯСЫ ТУРАЛЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 349

Байманова Гаухар Аманкелдиевна

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы

Қатты денелердің беттерін зерттеу кезінде, мысалы оның химиялық құрамы, кристалдық құрылымы мен қоспаларының таралуы туралы ақпараттарды алу үшін, электрондардың энергетикалық анализіне негізделген электрондық спектроскопия әдістері кеңінен қолданылады. Ауытқушы электростатикалық жүйелі энергоанализаторлар аз және орташа энергиялы электрондық ағындардың энергетикалық спектрлерін зерттеуге арналған ерекше жетілген құралдар боп табылады. Бұл құралдардың жақсы электронды – оптикалық параметрлері зарядталған бөлшектер шоғындағы энергетикалық таралуды үлкен сезгіштікпен және жоғары дәлдікпен тіркеуге мүмкіндік береді.