Владелец Алина Число скачиваний: 391
Крыкбаева Сара Қалдыбаева Гүлмария
Алматы қ., Қазақстан
Қазіргі, ХХІ ғасырдағы Қазақстан бейнелеу өнері қай бағытта дамып жатыр, деңгейі, негізгі идеясы қандай? Біртұтас мемлекет ретінде, заман талабына сай қабырғасы қалана бастаған біздің Отанымыздың әлемдік мәдениет пен өркениет көрмесіндегі орны қандай, және мәдениеттің дамуына қазіргі заманда қандай үлес қоспақ? осы ретте Ұлттық мәдени мұралар атадан балаға мирас болып, ұрпақ ауысқан сайын жалғасын тауып дамып отыратынынын ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, дәстүрлі салт жора, ұлттық дүниетаным, ой-сана негізінде дүниеге келетін әдебиет, театр, ән, күй, би, бейнелеу, қолөнері сынды өнер туындыларынан халықтың ортақ рухани байлығынан құралатындығы белгілі.