pdf Инженерлік мамандықтарда графикалық білім беру технологиясының маңызы

Владелец Число скачиваний: 77

Құдабаева Клара Ильясовна,

ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының кандидаты

Айтмуханова Перизат Мейрамовна

Студент МЖК-15-11к. Акхожин Бауыржан

Алматы, Қазақстан

Бүгінгі таңда Қазақстанның жоғары мектептеріндегі білім беру ордаларында техникалық білім беруден мамандықтарды даярлау көкейкесті мәселердің бірі болып отыр. Қоғамның өркендеуі экономикалық және әлеуметтік жағдайларға байланысты болғандықтан инженерлік мамандықтарды өткенді зерделей отырып, жетілдіру мақсаты басты мәселе болып табылады. Дегенмен, адам капиталын білімді, білікті және шығармашылықты тұрғыдан даму жағын қарастыруда, олардың инженерлік графикада білім, білік және дағдысын қалыптастырып, шығармашылықтық бағытын жетілдіру мәселесін жоғары мектептеріндегі білім және ғылым саласы шешетін болуы қажет. Демек, бұндай жағдайда гуманитарлық, жаратылыс тану, жалпы кәсіби теориялық және арнайы кәсіпке баулитын пәндердің маңызы зор. Солардың бірі техникалық мамандықтардан білім берудегі біліммен, ғылымның бастамасы болып табылатын сызба геометрия және инженерлік графика пәні болып табылады.