pdf СУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 305

Мұхиден Дархан Мұхаметжанұлы

магистрант

Астана қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университеті

Энергия әлемде үлкен маңызға ие. Барлық әлемдік үдерістер де, тірі ағзалардағы процесстер де энергиямен жүзеге асырылады. Энергиясыз өмір сүру мүмкін емес. Бүгінде Қазақстан – энергетикалық ресурс жағынан әлемдегі ең бай елдердің бірі. Сондықтан халық энергия мәселесіне алаңдаушылық танытып отырған жоқ. Энергияның да сарқылатын және сарқылмайтын түрлері бар. Алғашқысына мұнай көздері, газдар, т.б. жатады. Бірақ бұл – «олар мүлдем сарқылмайды» деген сөз емес. Әсіресе, бүгінде отынның таптырмайтын түрлері мұнай мен газдың қоры жыл санап кему үстінде. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бәсекеге түсе алатын басқа да энергия түрлерін – атом, су, жел, күн, т.б. энергияларды пайдаланудың маңызы өте зор. Аталғандардың ішінде энергияның қосымша көзінің бірі – Су энергетикасы.