pdf ҮШӨЛШЕМДІ МАТРИЦАЛАР АЛГЕБРАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 345

Джанканова Г. М.

г. Атырау, Казахстан

Бірнеше өлшемді гиперкомплекс сандарды және шекті өлшемді алгебралардың құрылымын зерттеуде көпөлшемді матрицалар пайдаланылып жүр. Сонымен қатар, қолданбалы мәселелерді шешуде, мысалға, көпөлшемді діңгек жүйелердің тербелістерінің комбинациясын зерттеулерде көпөлшемді матрицалар қолданылды. Қазіргі кезде ақпаратты сақтау мәселесінде бірнеше өлшемді массивтерді қолдануға байланысты көпөлшемді матрицалардың құрылымын қарастыру мәселесі туындайды. Бұл тұрғыдағы мәселелерді қарастыруда көпөлшемді матрицалардың сыртқы түрі және ішкі құрылымдары қарастырылғанымен, оларға қолданылатын операциялардан туындайтын алгебралардың құрылымы қандай болады деген мәселеге аса көңіл бөлінбейді.