Владелец Алина Число скачиваний: 287
Иманғалиева Бупежан Газизқызы
Атырау қаласы Қазақстан Республикасы
Заман талабына сай мұғалім білім беруде жаңалыққа құмар,шығармашылықпен жұмыс істеп,оқу мен тәрбие ісіне еніп,оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болуы тиіс. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болды. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыт-тағы оқыту процесін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологилары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде. З курс студенттерін физиканы оқыту әдістемесі сабағында, дәріс тақырыбы «Жаңа педагогикалық оқыту технологиялары» акаде-мик В.М.Монаховтың оқыту технологиясы, Шаталовтың тірек конспектісі негізін-де оқыту, М.Жанпейсованың модульдеп оқыту, Ж.Қаралевтың деңгейлеп оқытуы қарастырылады. Әр қайсысының жеке элементтерін қарастырайық.