Число скачиваний: 388
А.А.Шигирбаева
Казахстан город
Экибастуз Тіліміздің өркен жаюына аударма саласы да айтарлықтай үлес қосады. Жалпы алғанда тіл ғылымы саласында аударма мәселесі жан-жақты зерттеліп, бұл туралы көптеген теориялар мен тұжырымдар жасалуда. Аударма –бұл өте күрделі және көп салалы адами іс -әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы “бір тілден екінші тілге аудару делінеді”,бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен, әртүрлі дәрежедегі ой толғау, әртүрлі әдебиеттер, әртүрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласың.