archive ДИЗАЙННАН КӘСІБИ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Педагогика ғылымдарының кандидаты Құдабаева Клара Ильясовна,

техника ғылымдарының кандидаты Айтмуханова Перизат Мейрамовна

Алматы, Қазақстан

Бүгінгі таңда әр мемлекеттерде ғасырлар бойы қоғамды техникалық эстетика тұрғысынан дамыту жолдары алға қойылған. Техникалық эстетика-ол, дизайн. Дизайнның негіздері кибернетика, бионика, семиотика, эстетика-барлық ғылым дизайн әлемінде қарастыруды талап етеді. Дизайнның практикасында адамның өлшемін антропометрия көрсетеді. Антропометрия көбіне киімді көркем құрылымдауда қолданылады. Дизайн туралы белгіліден белгісіздіктер өте көп.