pdf ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ШЕТЕЛ ТІЛІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 401

Джуманова Л. С., Серік М. Т.

г.Караганда, Казахстан

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылдың 1-наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты халыққа жолдауында Үкіметтің алдына және Қазақстан халқының әр азаматының алдына биік міндет қойды. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне кіруде және қазіргі әлемде болып жатқан, келешекте болатын құрылымдық және мазмұндық өзгерістерді талап ететін, ауқымды үдерістерді бастан кешуде [1,17 б.].