pdf БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ Популярные

Владелец Число скачиваний: 366

Алдекеева Динара, Шакуликова Айман

г. Алматы, Казахстан

Қазақстан Президентінің Жолдауында қойылған жоғарғы мектептің негізгі міндеті болып саналатын индустриалды – инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру және еліміздің өндірістік базасын, оның ішінде көлік – коммуникация кешенін қайта жарақтау бәсекеге қабілетті инженер мамандар дайындауды талап етеді. Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орындарына әлемде болып жатқан өзгерістер жағдайында уақытылы, оңтайлы шешім қабылдай алатын мамандар дайындау жүктеліп отыр. Осыған орай білім беру мазмұны тек арнайы дайын білімді меңгерумен шектелмей, мәселені креативті шешу, топта жұмыс істей білу сияқты әлеуметтік машықтарымен қатар, қайта оқуға әзір болу, тіпті бүкіл өмір бойы оқуға ұмтылысты қалыптастыруға бағытталуы қажет.