pdf ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ «ҚЫЗҒАЛДАҚ» ЛЕКСЕМАСЫНЫҢ ЛИГВОТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 242

Серикова Динара

Научный руководитель: К.ф.н., доцент Бекмашева А.Н.

Республика Казахстан, г. Уральск

Тілді зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет етуін, тіл арқылы адамның табиғатын ашуды, түсінуді қарастырады. Осыған сәйкес әйел-¬ана болмысына қатысты тілдегі таңбалық бірліктер халықтың дүниетанымы мен болмысынан, рухани мәдениеті мен сол халық тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Себебі адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта, оның әлеуметтік өкілінде (мысалы, әйелдерде) әр деңгейде және сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалдық әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады.