pdf ҚАЗАҚ-ЖОҢҒАР КҮРЕСІН ЗЕРТТЕУДЕГІ ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ ОРНЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 109

Құрманалина Нұргүл Нұрсұлтанқызы

Алматы, Қазақстан

Кез келген ел өз мемлекетін өзі құратыны сияқты қазақ халқы ғана өзінің туған елінің төл тарихын ұлттық тұрғыдан толықтай бағамдап, жақсы жаза алады. Тарихты жазу барысында тарихи деректер тірек болатыны анық. Деректердің түрлері көп, ол бойынша ғалымдардың ұсынған түрлі классификациялары да баршылық. Солардың бірі ауызша тарихты «oral history» - өзіндік орны бар дереккөз ретінде санауымызға болады. М. Қойгелдиевтің көрсетуінше, тарих айту дәстүрінің екі түрін ажыратып алған жөн: бірі – өткен өмірдегі адамдар мен оқиғалар жөнінде ұрпақтан-ұрпаққа ауызша айту арқылы келе жатқан тарих айту дәстүрі; екіншісі – маман тарихшының алған сұхбаты (интервью) барысында жеке адамдардың баяндаған естелігі.