pdf «MOODLE» ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ОРТАСЫН БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ДАМЫТУШЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ Популярные

Владелец Число скачиваний: 417

Бадекова К.Ж., Омаров А.М., Кудебекова А.Н.

г. Караганда, Казахстан

Қазіргі таңда Қазақстанда қашықтықтан білім беруді дамыту ұлттық білім беру жүйесінде маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Білім және ғылым министрлігі Жоғары оқу орындарымен ынтымақтаса отырып жаңа тұжырымдамалар мен бағдарламалар әзірлеуде. Қашықтықтан білім беру Қазақстанда ресми түрде 1999 жылы жарияланып, оның жобасы құрылды. Алғаш рет Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының базасында таныстырылды[1]. Алайда, бұл жылдары қашықтықтан оқытуға арналған ақпараттық технологиялардың даму қарқыны бәсең болу әсерінен бұл жоба алға жылжуын баяулатты. Бірақ, қашықтан оқытудың білім беру саласындағы рөлі артып, соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында пайдалану өрісі кеңеюде.