Владелец Алина Число скачиваний: 376
Мергалиев Батырхан Кажыакбарович,
Алтыбай Дарига Бахтияркызы,
ШайхинРуслан Карыбаевич
Астана, Казахстан
Қазақстан Республикасында бүгінде мемлекеттік қаржылардың қоғам мұқтаждықтары мен мемлекеттің өзіне тән әр алуан қызметін қаржыландыру, экономикалық қатынастарды түрлендіру, қаржы жүйесін нарықтық жағдайларға бейімдеу және инвестициялық белсенділікті ынталандыру, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешу, экономикалық тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында атқаратын рөлі мен маңызы күн санап күшейе түсуде. Демек, мемлекет тарапынан ақша қаражаттарын шоғырландыру және ақшалай қорларды қалыптастыру, сондай-ақ қаржылық ресурстарды бөлу барысында пайдаланылатын мемлекеттік қаржылар мемлекеттің нарықтық өркендеуінің және егемендігінің экономикалық атрибуты болып танылады [1].