Архив
23-24 февраля, 2016
Филологические науки
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНО-МӘДЕНИ ТАҒЫЛЫМЫ: ЫРЫМ-ТЫЙЫМ СӨЗДЕРІНІҢ ТАБИҒАТЫ
Владелец Алина Число скачиваний: 296
Жукина Айсәуле
Научный руководитель: Қуаныш Талап Таймасұлы
Қазақ мәдениеті – ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Ол ұлттық тәлім-тәрбиенің негізінде дамып, қалыптасты. Ұлттық тәрбие сол ұлттың мәдениетін дамытудың қозғаушы күші болып табылады. Әрбір халықтың тарихи тіршілігі мен рухани тәжірибесі бар. Халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық құралдарын біз халық педагогикасы дейміз.