Владелец Алина Число скачиваний: 363
Абиров Аққабыл,
Калиманов Амангелді,
Иманбаева Гүлсім
Атырау, Қазақстан
Дискретті гармоникалық функциялардың алгебралық құрылымы [1,17–18 б.] ал қасиеттері және қолдану аясы [2, 34–39 б.] мақалаларда баяндалды. Кез келген (ыңғайлы болуы үшін дұрыс) үшбұрышты алалық. Біз оны граф деп, яғни төбелері мен оларды қосатын қабырғалар – графтың қырларын ғана қарастырамыз. Үшбұрыштың әрбір төбесіне қандайма бір санды сәйкес қоямыз. Графтың әрбір төбесіне қырымен қосылатын көршілес төбелер бар болады. Енді графтағы дискретті гармоникалық функция дегеніміз не деген мәселені қарастыралық. Графта берілген функцяны дискретті гармоникалық деп атаймыз, егер әрбір төбеге сәйкес келетін сан көршілес төбелерге сәйкесті сандардың арифметикалық ортасы болса.