pdf ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖОБАЛАУ ӘДІСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ Популярные

Владелец Число скачиваний: 240

Уайс А.А., Тұржан А.А.

(Актобе, Казахстан)

Әлемдік білім беру жүйесі уақыт санап жылдам даму үстінде. Қазіргі заман талабына сай, дайындалып жатқан мамандарымыз, яғни студенттер, бәсекелестікке төзе білетін, жеке көзқарасы бар, тіл үйрену дағдысы жоғары, өз бетінше ойлап, шешім қабылдай білетін тұлға болып қалыптасуы тиіс. Білім беруде мұғалімдердің де көздеген басты мақсаты – оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділігін арттырып, дұрыс, әрі саналы шешім қабылдауға баулып, өз ойын дүйім жұрт алдында анық жеткізе білетін, білімді, бәсекеге қабілетті, тапқыр, құзырлы тұлға қалыптастыру болып отыр. Ал оқушыларды атап өткендей жеке тұлға етіп шығару үшін, олардың қызығушылығы мен мүмкіндіктерін арттыру үшін біз сабақтарымызға қандай өзгерістер енгізер едік?