Владелец Алина Число скачиваний: 381
Құдабаева Клара Ильясовна,
ғылыми жетекшісі: техника ғылымдарының кандидаты
Айтмуханова Перизат Мейрамовна
Студент Пайдалы қазбаларды байыту-14-1к
Қаналы Мақсат
Алматы, Қазақстан
Қазақстан Республикасындағы қазiргi кезеңдегi өткiр экологиялық проблемалардың бiрi – су бассейндерiнiң ластануы мен ауыз судың тапшылығы. Бұл проблема әсiресе республиканың Арал өңiрiнде айрықша мәнге ие болып отыр. Қазiргi кезде Сырдария өзенiнiң су бассейндерi пестицидтермен, ауыр металдармен ластануы айтарлықтай алаңдатушылық бiлдiруде. Сырдария жоғарғы саласында Қырғызстанның, Өзбекстанның және Тәжiкстанның территориясынан өтедi. Бұл елдердiң өндiрiстiк мекемелерi мен күрiш, мақта алқаптарында пайдаланылған ағызынды судың тасталуы Сырдария өзенiнiң су бассейнiне зиянды әсерiн тигiзедi. Мыс, қорғасын және мырыш сияқты ауыр металдар адам организмiнiң тканьдерi мен өмiрлiк маңызды органдарында жоғары кумулятивтiк қасиетке ие болып, созылмалы интоксикацияға ұшыратады, ал ол өз кезегiнде онкологиялық ауруларға, жүрек, қан тамырының аномалиясына әкелiп соқтырады.