Владелец Алина Число скачиваний: 431
Аякоз Өтегенова
Қызылорда қаласы, Қазақстан
Көп тармақты әдеби жанрлардың тізбегінде мемуарлық жанрлардың алатын орны ерекше. Әдебиеттануда мемуарлық жанрларға төмендегілер жатқызылады: қолжазбалар, жазба кітапшалар, өмірбаяндар мен күнделіктер және т.б. Бұл бағасыз құндылықтарға сүйенбей әдебиеттің қазіргі жағдайын түсіну қиынға соғады. Сондықтан, мемуарлық жанрға жататын күнделіктің тарихи өзгеруін талдау, жанрдың даму сатыларын қазақ, орыс және шетел авторлары күнделіктері мысалында түсіндіру маңызды болып табылады.