Архив
24-25 ноября, 2015
Исторические науки
БЕЛОРУССИЯ ПАРТИЗАНЫ – ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ НҰРҒАНЫМ БАЙСЕИТОВА
Владелец Алина Число скачиваний: 545
Боранбаева Бактылы Сансызбаевна
г.Уральск, Республика Казахстан
Ұлы Отан соғысы тарихында жалпыхалықтық және көпұлттық сипат алған партизандық қозғалыс кеңес халқының неміс басқыншыларына қарсы күресінің өзіндік ерекшелігі еді. Соғыс майданындағы барлық партизандық бригадалар мен отрядтар көп ұлтты жауынгерлерден құралды, олардың арасында қазақтар да болды. Мәселен Белоруссияның әртүрлі аймақтарында соғыс жүргізген 65 партизан бригадасы мен отряд құрамында өзге ұлт өкілдерімен бірге бір жарым мыңнан астам қазақстандықтар ерлікпен шайқасты [1, с.487].