Владелец Алина Число скачиваний: 409
Сердәлі Б.К.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, филология ғылымдарының кандидаты Түркістан қаласы, Қазақстан
Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінде ресми тіркеліп, жұмыс істеп жатқан БАҚ саны 3 мыңға тақап қалғанын ескерсек, Қазақстанның 20-дан астам жоғары оқу орындарында жыл сайын бітіріп шығатын журналист-түлектердің теңізге тамған тамшыдай ғана болары даусыз. Сол себепті, әсіресе, қазақ тілді ортада білім алған мамандарға деген БАҚ сұранысы көбеймесе, азайып отырған жоқ. Ақпараттық кеңістікте бәсекеге қабілетті мамандар әзірлеу қажеттілігін жақсы ұғынған Түркістан қаласындағы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Орыс филологиясы және журналистика» кафедрасы журналистерді даярлау ісіне әдістемелік тұрғыдан ерекше көңіл бөлуде. Қазіргі таңда оңтүстік өңіріндегі және республикадағы бұқаралық ақпарат құралдарының бірқатарында, мемлекеттік қызмет салаларында осы университетті бітірген түлектер жұмыс істейді.