pdf ЖОО СТУДЕНТТЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕ РЕТІНДЕ Популярные

Владелец Число скачиваний: 268

А.М.Таганова,С.Н.Баймахан

Актюбинск,Казахстан

Қазіргі таңда құзіреттілік тәсілі қандай да болсын саланың кәсіби мамандарын даярлаудың негізі болып табылады. Оның маңызы педагогикалық мамандарды даярлауда арта түседі. Бұл мәселе педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерінің басым көпшілігінің кәсіби жарамсыздығынан туындап отыр. Кәсіби білім тек кәсіби білім, икемділіктер мен дағдыларды меңгеру ғана емес, сонымен қатар коммуникативті құзіреттілікті дамытудың жоғары деңгейі болып табылады.Бұл білім беру субъектілерімен тікелейқарым-қатынас жағдайында өтетін педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асырудың маңызды шарты болып табылады.