Владелец Алина Число скачиваний: 383
Исмайлова Н. С.,
Мурзабекова М.Р.,
Сапарова Ж.И.,
Ескараев Н.М.
Қазақстан, Шымкент қ.
Қазақстанның шөл және шөлейт аумағы мал шаруашылығы қатты дамып келе жатқан өлке. Осы өңірде орналасқан Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының табиғи жайылым бөлігі шөл және шөлейт аймақта орналасқан. Жайылым көлемі мол бола тұрса да, шығымдылығы мен өнімінің төмендігі және жылма – жыл өзгеруі мал шаруашылығын тұрақты дамытуда көп қиындықтар туғызады. Оның үстіне шөл аймақтың топырақ құрамы мен құнарының нашарлығы, құмақ және құмшауытты алқаптардың басым екендігі, күшті өкпек желдердің жиі соғатыны және ауа райының құрғақ екені көп жағдайда жайылымдардың өнімділігі азайып, тоза бастайды.