Владелец Алина Число скачиваний: 357
Берикханова Гульсара Койкельдинова Динара
Республика Казахстан г.Семей
Еліміздегі жоғары кәсіби білім берудің көп деңгейлі құрылымы және жоғары мектептің халықаралық білім беру жүйесіне жоспарлы интеграциялануы, жоғары оқу орнын қазіргі заманның талаптарына сай басқару мәселелері жаңа тәсілдерді талап етеді. Болашақ мұғалімдердің кәсіби шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына, олардың білім беруде кредиттік технологияны енгізу шарттарында кәсіби хабардарлығының бейімделуі жоғары оқу орындарында оқу процестерін ұйымдастыруда сапалы өзгерістердің қажеттілігін көрсетеді. Республикамыздың Білім және ғылым министрлігі “Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын” дайындап [1], көрсетілген кезеңдердегі білім қызметкерлері мен білім беру мекемелерінің міндеттерін анықтаған болатын. Біздің ғасыр - білім, ғылым және сапа ғасыры. Осы үшеуі элитарлық білімнің негізі болып табылады.