pdf МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ПСИХО-ЭМОЦИОНАЛЬДЫҚ КҮЙЗЕЛІСКЕ ҰШЫРАУ СЕБЕПТЕРІ Популярные

Владелец Число скачиваний: 392

Карменова Қымбат Алдабергенқызы, Турсынова Аяулым Қанағатқызы

Қазақстан Республикасы, Семей қаласы

Ғылыми жетекші: Кулмышева Назым Армысовна –

педагогика ғылымдарының кандидаты

Психо-эмоциональдық күйзеліс дерті бұрыннан бар. Бірақ бұл ұғым қадым заманның емес, қарыштаған қазіргі заманның сүйікті сөзіне айналды. Олай дейтін себебіміз, бүгінгі жаһандану дәуірінде депрессияға түспеген жан кемде-кем. Өйткені, әлемдік көрсеткіштер бойынша жүрек қан-тамырлары ауруынан кейінгі орында тұрған осы ауру. Қазақтың қамығу, күйзеліс, жабығу, торығу сөздеріне саятын депрессия ақыр соңында адамды өзін-өзі саналы түрде басқара алмауына әкеледі.