Владелец Алина Число скачиваний: 493
Омарова Гульден Сериковна, Афанасьев Дмитрий Анатольевич
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
(Қарағанды, Қазақстан)
Аннотация. Бұл жұмыста күн ұяшығы негізіндегі кеуекті қалайы оксиді қабыршағының фотовольтаикалық қасиеті және сенсибилизирленген органикалық бояғыш нәтижелері көрсетілген. Кеуекті қабықша су ерітіндісі негіздегі NH4OH аммиактың сілтілі электролитте қалайыны электрохимиялық анодтау негізінде алынды. Анықталғандай, Sn қабықшасын анодтау уақыты түрлендіру тиімділігіне әсер етеді, синтез уақытының өсуімен қатар жарық энергиясын электр энергиясына түрлендіру тиімділігіде өседі. Сорбция уақытының өсуі кеуекті қабықша бетіндегі молекулалар санының өсуіне алып келеді. Қалайы оксиді негізіндегі күн ұяшықтары үшін күшті ағымдағы қара ток байқалады, ол жарық энергиясын электр энергиясына түрлендіру тиімділігін айтарлықтай төмендетеді.
Кілтті сөздер: электрохимияның анодтау, қалайы оксиді, микроқұрылым, сорбциялық қабілеттілік, вольт - амиперлі сипаттама.