pdf ХАЛЕЛ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҒЫ Популярные

Владелец Число скачиваний: 355

Г.Ж.Женисова- аға оқытушы

Х.Досмұхамедова атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Женисова Гульмира Женисовна -старший преподователь.

Атырауский государственный университет имени Х.Досмухамедова.

Город Атырау.

Саяси күрескер, жалынды публицист,әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және белгілі бір мамандықтың, соны салаларының бастау көзінде тұрып, ізашар болу-халқымыздың маңдайына біткен үркердей ғана шоқжұлдыздардың несібесі. Осындай алып нар тұлғалардың бірі әрі бірегейі – Халел Досмұхамедов. Ол -хх ғасырдың басында қалыптасқан қазақтың демократиялық интеллигенцияның аса көрнекті өкілдерінің бірі. Артына өшпес мол мұра қалдырып, халқына қалтқысыз қызмет еткен «алыптар тобының» көрнекті өкілі, қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күрес майданына шыққан «Алаш»қозғалысынң көшбасшыларының бірі, жан-жақты ғұлама ғалым, ірі ұстаз, белгілі ағартушы, қоғам қайраткері.