Владелец Алина Число скачиваний: 359
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
экономика факультеті Туризм-13 тобының 1 курс студенттері
Макмутова А. М., Айтбаева Р. М
Ғылыми жетекші:
Жеңісхан Д. Ж.
Бүгінгі күнде туризм экономика салаларының арасындағы тез әрі қарқынды дамып келе жатқан және келешегі зор ең табысты қызмет көрсету саласы болып табылады. Қазақстан Республикасында туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Сонымен қатар бұл өз кезегінде көліктік, инфрақұрылымдық, сауда орындары, денсаулық сақтау орындары, денсаулық сақтау қызметтерін жетілдіруді қажет етеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі дамуының ұзақ мерзімді бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі деп жариялады.[1]