Владелец Олег Число скачиваний: 247
Әмірова Гүлфара Оңалбайқызы
Қазақстан Республикасы, Алматы
Ұжымдастыруға көшудің негізгі себептерінің бірі елдің жалпы экономикалық дамуын тежеп отыратын ауыл шаруашылығының техникалық жағынан артта қалуы мен тауарлы өндірістің төменгі деңгейде болуы еді. Астық жинауды жеңілдету үшін шаруаларды колхоздарға біріктіру қарқынын жылдамдатуға шешім қабылданды. Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауыл шаруашылық артельдері, ал мал шаруашылықты аудандарында – жерді бірігіп өңдеу жөніндегі серіктестік (ТОЗ) болуға тиіс еді.