pdf БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ ҰСТАНЫМДАРЫ МЕН ТАЛДАУ ӘДІСТЕРІ Популярные

Владелец Число скачиваний: 371

Ералин Куандык

Түркістан қ. Қазақстан Республикасы

Ералина Газиза

Бизакова Баян

Шымкент қ. Қазақстан Республикасы

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің өнертанымдық дайындығының негізгі бөлігін кұрайтын өнер шығармаларының көркемдік өлшемдері білімі мен көркемдік өлшемдерін сараптау дағдыларының негізгі бағыттарын айқындау, қазіргі болашақ суретші-педагогтар даярлаудағы көкейкесті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бейнелеу өнері шығармаларын өнертанымдық талдаудың нақты өлшемдерінің қазіргі таңда белгілі жүйеге түспеуі мен оны жасаудың қажеттігімен ерекшеленеді. Егер бұған бейнелеу өнері мұғалімдерінің қызметіне қажетті «өнертанымдық талдаудың әдістемесіне» деген сұраныстардың артып отырғанын қосатын болсақ, мәселе оданда көкейкесті бола түседі.