Владелец Олег Число скачиваний: 269
Тулепбергенова Рита Рашидовна
г. Атырау, Республика Казахстан
Дәстүрлі оқыту жүйесінде бағалауды мұғалім тарапынан оқушының білім деңгейін анықтау деп қарастырады. Осы тұрғыдан мұғалімдер оқушыны бағалау үшін оқушылардың ауызша берілген жауаптарына, жазба жұмыстарына немесе тест тапсырмаларына қалай жауап бергеніне қарайды. Алайда мұндау шектеулі тексеріс көп жағдайда оқушылардың есте сақтау қабілетін ғана анықтап, олардың білім, білік, дағдысының нақты деңгейін анықтамайды. Мұғалім бағалаудың басты мақсатын ескермейді, бағалау – білімнің сапасын айқындау тәсілі. Мұғалім өз жұмысының болашақта үлкен жетістіктерге жеткенін қаласа, онда өз уақытында жеткен жетістігінің деңгейін – артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, бағалауы қажет.