Документ ФИЛОЛОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

Документы

pdf ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ Популярные

Число скачиваний: 376

Зайсанбаев Т.Қ.

Бураханова Қ.С.

Бураханова А.С.

Алматы қаласы, Қазақстан

ҚР-ның Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан - 2050» Стратегиясында: ― Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек. «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.

pdf КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ Популярные

Число скачиваний: 381

Бураханова А.С.

Бураханова Қ.С.

Қожаханова Ж.С.

Алматы қаласы, Қазақстан

Ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолдану студенттердің қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын көтеруге тікелей әсер етеді. Ал білім сапасын жоғарылату, құзыретті маман тәрбиелеу - барлық оқытушыларды толғандыратын маңызды мәселе. Мына заманда білім алушылардың да алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде.

Қазір ғылыми-техниканың, өркениеттің даму заманы. Компьютер мен интернет, жаңа байланыс құралдары, ғылыми жаңалықтар, осының бәрі оқушылардың ой-өрісіне әсерін тигізеді.

pdf КӨРКЕМДІК ОЙЛАУДЫҢ ЖОҒАРЫ ТҮРІ Популярные

Число скачиваний: 371

Тунгушбаева Галия Жетписбаевна

Алматы, Қазақстан

Эпикалық жанрдың ең күрделі, жоғары түрі - роман. Роман қоғам өмірі мен жеке адам тіршілігінің алуан жайларын, жекелеген сәттері мен тұтас характерінің қалыптасуының белестерін, дәуір шындығын жан-жақты ашып бейнелейтін жанр. Романның көлемінің молдығы, композициялық құрылысының күрделілігі, сюжетінің көпжелілігі, суреттеу-баяндау, бейнелеу құралдарының алуандығы оған осындай мүмкіндік береді.

Роман деп әуелде түрлі тақырып, алуан мазмұндағы роман тілдерінде қарасөзбен жазылған шығармаларды атаған. Кейін келе-келе тілдің атауы ғана қалып, сюжетті, кең көлемді, баяндауға құрылған шығармаларды роман деп атайтын болған. "Дафнис пен Хлоядан" XIX ғасырдағы Бальзак, Тургенев, Достоевский, Л.Толстой романдарына дейінгі аралықта талай ғасыр жатыр, бұл мерзім осы жанрдың өсу, қалыптасуының ұзақ жолдарын көрсетеді.

pdf ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫ Популярные

Число скачиваний: 383

Ғылыми жетекші: Балтабаева Гаухар Саядилдаевна

Ф.ғ.д., проф.

Аязбекова Карлыгаш Абилкасымовна

магистрант

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

Алматы қаласы, Қазақстан

Әңгіме – әдеби жанрдың бастау бұлағы, барша баяндау әуел баста әңгімеден жаралған десе болады. Әңгіме бір деммен айтылған болса – бір деммен оқылуы тиіс. Бұл жанр уақыт өте, заман өте сипаты өзгеріп, кісінің, яғни айтушының лексикасына ыңғайласа дамып, мейлінше оңтайлы, барынша ыңғайлы күйге енді. Зергер қолынан шыққан асыл бұйымға ұқсап нақтылана, нақыштана түсті. Әр ұлттың дәстүріне байланысты үнемі дамып, жетіліп келеді. Әңгімешінің тапқырлығы, ұтқырлығы арқылы жанды, нәрлі сөзді мың бояумен құлпыртып ойнатуы бел алады [1, 63-б].