pdf КӨРКЕМДІК ОЙЛАУДЫҢ ЖОҒАРЫ ТҮРІ Популярные

Число скачиваний: 374

Тунгушбаева Галия Жетписбаевна

Алматы, Қазақстан

Эпикалық жанрдың ең күрделі, жоғары түрі - роман. Роман қоғам өмірі мен жеке адам тіршілігінің алуан жайларын, жекелеген сәттері мен тұтас характерінің қалыптасуының белестерін, дәуір шындығын жан-жақты ашып бейнелейтін жанр. Романның көлемінің молдығы, композициялық құрылысының күрделілігі, сюжетінің көпжелілігі, суреттеу-баяндау, бейнелеу құралдарының алуандығы оған осындай мүмкіндік береді.

Роман деп әуелде түрлі тақырып, алуан мазмұндағы роман тілдерінде қарасөзбен жазылған шығармаларды атаған. Кейін келе-келе тілдің атауы ғана қалып, сюжетті, кең көлемді, баяндауға құрылған шығармаларды роман деп атайтын болған. "Дафнис пен Хлоядан" XIX ғасырдағы Бальзак, Тургенев, Достоевский, Л.Толстой романдарына дейінгі аралықта талай ғасыр жатыр, бұл мерзім осы жанрдың өсу, қалыптасуының ұзақ жолдарын көрсетеді.