Число скачиваний: 385
Ғылыми жетекші: Балтабаева Гаухар Саядилдаевна
Ф.ғ.д., проф.
Аязбекова Карлыгаш Абилкасымовна
магистрант
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Алматы қаласы, Қазақстан
Әңгіме – әдеби жанрдың бастау бұлағы, барша баяндау әуел баста әңгімеден жаралған десе болады. Әңгіме бір деммен айтылған болса – бір деммен оқылуы тиіс. Бұл жанр уақыт өте, заман өте сипаты өзгеріп, кісінің, яғни айтушының лексикасына ыңғайласа дамып, мейлінше оңтайлы, барынша ыңғайлы күйге енді. Зергер қолынан шыққан асыл бұйымға ұқсап нақтылана, нақыштана түсті. Әр ұлттың дәстүріне байланысты үнемі дамып, жетіліп келеді. Әңгімешінің тапқырлығы, ұтқырлығы арқылы жанды, нәрлі сөзді мың бояумен құлпыртып ойнатуы бел алады [1, 63-б].